Жылдың ең үздік голына берілетін «Пушкаш» премиясына үміткер үш ойыншының есімі белгілі болды

12.12.2020, 19:13
Жеңімпаздар 17 желтоқсан күні анықталады.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) жылдың ең әдемі голы үшін берілетін "Пушкаш" сыйлығына үміткер үш ойыншының тізімін жариялады. Олар:

Джорджиан де Арраскаэта ("Сеара" - "Фламенго")


Сон Хын Мин ("Тоттенхэм" - "Бернли")


Луис Суарес ("Барселона" - "Мальорка").


The Best 2020 салтанаты жиыны 17 желтоқсанда онлайн режимде өтеді. Дауыс беру 25 қарашада басталып, 9 желтоқсанда аяқталды.

Салтанатты рәсімде жылдың үздік ойыншысы, үздік қақпашысы мен үздік жаттықтырушысы да анықталатын болады.