Жарнама
Жарнама

«Жылдың үздік бапкері» атағына үміткерлердің тізімі жарияланды

23.11.2021, 05:13
Аталмыш жүлдеге жеті бапкер талас жүргізеді.
Жарнама
Жарнама

ФИФА 2021 жылғы «The Best» номинациясына үміткер жаттықтырушылар тізімін жариялады.

Бұл жүлдеге талас Томас Тухель («Челси»), Антонио Конте («Тоттенхэм»/«Интер»), Диего Симеоне («Атлетико»), Ханс-Дитер Флик (Германия құрамасы/«Бавария»), Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити»), Роберто Манчини (Италия құрамасы) және Лионель Скалони (Аргентина құрамасы) арасында жүретін болады.

Жеңімпаз 2021 жылдың 22 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында өтетін дауыс беру арқылы анықталады. Марапаттау рәсімі 2022 жылдың 17 қаңтарында өтеді.

Естеріңізде болса, өткен жылы бұл жүлде «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клоппқа бұйырған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров