Жарнама
Жарнама

«Жылдың үздік ойыншысы» атағына үміткерлердің тізімі жарияланды

23.11.2021, 04:43
Үміткер ретінде 11 футболшы тіркелді.
Жарнама
Жарнама

ФИФА 2021 жылғы үздік ойыншыға берілетін «The Best» номинациясына үміткер ойыншылардың тізімін жариялады.

Тізімге ПСЖ шабуылшылары Килиан Мбаппе, Лионель Месси және Неймар, «Реал Мадрид» шабуылшысы Карим Бензема, «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйне, «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду, «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холанд, «Челсиден» Жоржиньо мен Н'Голо Канте, «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски және «Ливерпульдің» көшбасшысы Мохамед Салах енді.

Жеңімпаз 2021 жылдың 22 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында өтетін дауыс беру арқылы анықталады. Марапаттау рәсімі 2022 жылдың 17 қаңтарында өтеді.

Өткен жылы Роберт Левандовски ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің үздік ойыншысы атанған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров