Жарнама
Жарнама

Жылдың үздік қақпашысы анықталды

18.12.2020, 05:54
2020 жылы Нойер мүмкін болған жүлденің бәріне қол жеткізді.
Жарнама
Жарнама

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұйымдастырған ресми рәсімде жылды қорытындылады. Ерлер футболындағы жылдың үздік қақпашысы деп «Бавария» мен Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер танылды.

Сыйлық үшін күресте ол «Ливерпуль» мен «Атлетико» қақпашыларын сәйкесінше Алисон Беккер мен Ян Облақты артқа тастады.

2020 жылы Нойер Мюнхеннің «Бавариясымен» өз елінің чемпионы атанды және Германия Кубогын жеңіп алып, УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Одан бөлек, Чемпиондар лигасының қорытындысы бойынша Нойер жарыстың ең үздік қақпашысы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров