«Челсиде» өнер көрсететін сенегалдық Эдуард Менди FIFA нұсқасы бойынша 2021 жылдың үздік қақпашысы атанды.
Бұл жүлдеге «Пари Сен-Жермен» қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма мен «Баварияның» капитаны Мануэль Нойер ле таласқан еді.
Еске салайық, өткен жылы Менди УЕФА тұжырымы бойынша да маусымның үздік қақпашысы атанды. 29 жастағы сенегалдық Чемпиондар Лигасын жеңіп алған Африка тарихындағы алғашқы қақпашы атанды. Эдуард өткен жылы 50 матч өткізіп, жиырма тоғызында қақпасына гол жібермеді.
Біздің серіктес: FONBET