L'Equipe басылымы әлемдегі ең үздік жаттықтырушыны анықтап көрді.
Журналистердің айтуынша, қазіргі «Реал Мадридтің» тәлімгері Зинедин Зидан бірінші орынға лайықты деп табылды. «Ливерпуль» жаттықтырушысы Юрген Клопп пен «Манчестер Сити» бапкері Хосеп Гвардиола да үздіктердің қатарында, бірақ олар француз маманынан артта қалды.
Зидан Ла Лиганың соңғы маусымында "Реал Мадридпен" чемпион атанды. Өз кезегінде Клопп Англия Премьер-лигасында "Ливерпульмен" бірге топ жарып, Гвардиоланы басып озды.
Сонымен бірге, «қала тұрғындары» Чемпиондар лигасындағы алғашқы кездесуде "Реал Мадридті" 2:1 есебімен жеңген болатын. Алдағы күндері «Реалмен» жауапты матч өткізуі керек. Ал «Ливерпуль» «Атлетикодан» ұтылып, негізгі еуропалық жарыстан шығып қалды.
Біздің серіктес: FONBET