Жарнама
Жарнама

Зидан бапкерлік қызметке оралуға асықпайды

Экс-футболшы “Фенербахче” командасын жаттықтырудан бас тартыпты. 

Жарнама
Жарнама

Стамбұл ұжымы келіссөздер барысында Зинединнің қызығушылығын оята алмапты. “Реалдың” бұрынғы бапкері әдетінше, “Родез” клубының инвесторы қызметін атқара бермек.  Зиданның өзі кезінде Франция құрамасынан басқа клубты баптаеысы келмейтінін ашық жеткізген болатын. 

Жалпы “Фенербахче” командасының бапкерлер жырына әлі күнге дейін нүкте қойылмай келеді. Жозе Моуриньо кеткелі бері Стамбұл ұжымын Анже Постекоглу, Роджер Шмидт, Лучано Спалетти, Исмаил Картал жаттықтырады деген мәліметтер тараған еді. Алайда ертесі күні аталған бапкерлердің бірде-бірі “Фенербахчеге” дым қатысы болмағандығын айтыпты.

Алайда нақты деректерге сүйенсек, “Фенербахчені” жақын аралықта Доменико Тедеско тізгіндеуі тиіс. Итальяндық маман бүгінде Стамбұл жерінде жүр екен. 

Айта кетейік, Фенербахче Түркия Суперлиганың 3-тур қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, турнир кестесінде 5 орында келеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров