Жарнама
Жарнама

Зидан Бенземаның сөзі туралы: «Бұл Винисиусқа зиянын тигізбейді деп ойлаймын»

31.10.2020, 03:35
Бензема ол матчта Мендиден Винисиусқа пас бермеуін өтінген еді.
Жарнама
Жарнама

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 2-турында «Боруссия Мёнхенгладбахпен» болған матчтағы үзіліс кезінде футболшылардың диалогы туралы пікір білдірді, ол камераға түсіп қалған еді.

Серіктестерін күткен Карим Бензема отандасы Ферлан Мендиге француз тілінде сөйлеген болатын, ойыншылар Винисиус Жуниор туралы: «Бауырым, Құдай үшін оған пас берме. Ол бізге қарсы ойнап жатыр» деген еді.

«Ойыншылар бір-бірімен сөйлесті, артық ештеңе жоқ. Алаңда көп нәрсе талқыланады, бірақ олар сол жерде қалады. Біз сөйлестік және бәрі жақсы, ешқандай мәселе жоқ. Олар өте жақсы жаттығады, ең бастысы осы.

Менің ойымша, бұл Винисиусқа зиянын тигізбейді. Қазір көптеген камералар орнатылды, бұрынғыдан да көп, бірақ барлық әңгіме алаңда қалуы керек. Әрқашан да солай болған. Винисиус жас және Мадридте болашағы бар. Ол көп жұмыс істейді, мен оны байқап жүрмін. Бұл бірдеңені үйренгісі келетін, дамығысы келетін ойыншы, бұл бапкерге де, командаға да пайдалы», - деді Зидан AS басылымына берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров