"Реал Мадридтың" және Франция құрамасының бұрыңғы жартылай қорғаушысы Зиннедин Зидан "Марсельдің" бас бапкерлігіне басты үміткерлердің бірі.
Қазіргі таңда 43-жастағы маман "РМ Кастилья" клубын жаттықтырады. Франция чемпионатының алғашқы турында "Марсель" 0:1 есебімен "Кан" клубына жол берген болатын. Осы жеңілістен кейін "Марсель" бас бапкері Марсело Бьельса жұмысынан кетті. 9 дүркін Франция чемпиондарының бапкерлігіне Зиданмен қатар, Эрик Герец пен Фредерик Антонеттиде үміткер.