Marca басылымы 48 жастағы француз маманы Зинедин Зиданның УЕФА Чемпиондар Лигасының 5-тур матчында "Шахтер Донецк" командасынан (0:2) жеңіліс тапқаннан кейінгі «Реалдағы» болашағына баға берді.
Зиданға "Реал" басшылығы бұрынғыдай сенім артпайтындығы атап өтілді. Осы апта және келесі апта Зидан үшін шешуші рөл атақаратын болады.
Жақын арада "Реал" "Севильямен", "Боруссия Мёнхенгладбах" және "Атлетико Мадридпен" ойнайды. Корольдік клубтың Ла Лигадағы да, Чемпиондар Лигасындағы да болашағы осы екі аптадан кейін айқындала түседі.
Клуб басшылығы нәтижелер бұрынғы қалпына келетініне сенімді болды, бірақ команданың "Шахтерден" жеңілуі жағдайға айтарлықтай әсер етті. Көп нәрсе команданың жедел реакциясына байланысты болады, бірақ маңызды шешімдер жақын арада қабылдануы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасында 5 матчта 7 ұпай жинаған "Реал" В тобының турнирлік кестесінде 3-орында келе жатыр, ал Испания чемпионатында 17 ұпаймен 4-орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET