Жарнама
Жарнама

Зиданның «бастығы» кім?

Үйдегі жеңшеміз бәрін бақылайтынға ұқсайды.
Жарнама
Жарнама

Зидан дегенде сіздің ойыңызға қандай ассоциация келеді? «Реал Мадрид», «бапкер», «аяқдопшы», «үздік»? Мүмкін Катардың Ұлттық құрамасы? Яғни, барлығы футбол әлемінің маңы. Ал Зизу үйде кім?

Жанжалды «жігітше» шешетін (Матерацци есінде болар) қайсар жігіт үйінде матриархат билігін мойындайтын момын қозы. Жұбайы Вероника Лентиско-Фернандес екеуінде бір футбол командасының жартысы бар десек болады. Лука – қақпашы, Элиас – жартылай қорғаушы, Тео – шабуылшы, Энцо – шабуылдаушы жартылай қорғаушы (бұл командаға сіз кімді қарсы қойар едіңіз?).

«Әйел бастаған көш оңбас». Қазақтың дәл осы сөзімен Зидан (бәлкім Вероника?) үйіндегі ер адамдар қауымы келіспес. Себебі, 4 ұлы мен жарының жанында Вероника нағыз патшайым. Зинедин Зиданды қызықтыратын тек футбол. Бірақ ол салада да сүйікті жарының сөзі басымдыққа ие. Тіпті «Реал» сапында Зизудың болуы, Верониканың туған мекені Испанияға оралғысы келгенімен тікелей байланысты дейді БАҚ өкілдері. Алайда патшайымның қалауын эгоистік емес, әйел интуициясы десек жөн болар. Себебі, дәл осы «Реал» сапында Зидан ойыншы ретінде де, бапкер ретінде де өзін жақсы танытқан.

Вероника балерина болуды бала күнінен армандаған. Сол мақсатта Канн қаласындағы балет мектебінде білім алып, оқудан тыс уақытта супермаркетте жұмыс істеген. Күндердің бір күнінде, ешкі жүні бөртеде супермаркетке Зидан келеді. Оны көрген Вероника іштей «бұл жігітке мен ғана жетіспей тұрмын» деген шешім шығарады. Зизудың да ойы дәл келіп, 1994 жылы жұп некесін қиған. Ертегінің соңында патшайым арманына жетіп балерина болмаса да, «ешқандай атақ отбасы байлығының орнын баса алмайды» дейді. Олар қазір бақытты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров