Зиеш карьерасын АПЛ-да жалғастыруы мүмкін

07.01.2020, 01:49

"Аякс" жартылай қорғаушысы Хаким Зиеш Лондонның "Арсеналына" ауысыуы мүмкін деп хабарлайды Calcio Mercato. Марокколық футболшыны бас бапкері Микель Артета өз командасынан көргісі келетін көрінеді.

Амстердам командасы 26 жастағы ойыншыны 50 миллион еуроға бағалап отыр.

Зиеш биылғы маусымда барлық 28 ойын өткізіп, 8 голдың авторы атанған және 28 нәтижелі пас берген.

Шыңғысхан Досмухамбетов.