Жарнама
Жарнама

Зиги Бадибанга «Шахтердан» кетті

16.07.2021, 22:12
Футболшы жарақатына байланысты соңғы ойындарға қатыспады.
Жарнама
Жарнама

"Шахтер" бельгиялық жартылай қорғаушы Зиги Бадибанганың командадан кететінін мәлімдеді. Келісім-шарт қос тараптың өзара шешімі бойынша бұзылды.

Естеріңізге сала кетейік, Зиги қарағандылық клубқа сәуір айының ортасында қосылған еді. Содан бері 6 матчқа қатысып, нәтижелі іс-әрекетімен көзге түспеді.

29 жастағы ойыншы соңғы екі маусым бойы шымкенттiк "Ордабасы" сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ Бадибанга бельгиялық "Андерлехт", "Шарлеруа", голландиялық "Де Графсхап", грекиялық "Эрготелис", "Астерас", молдавиялық "Шериф" және кипрлік "Омония клубтарында доп тепкен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров