Зинедин Зидан "Баварияға" барады ма?

19.02.2024, 11:47

Зиданның келуіне германиялық топ клубтың басшылығы мүдделі екен. Бұл туралы "Corriere dello Sport" хабарлайды.  

Айта кетейік, “Баварияның” бундеслигадағы жағдайы мәз емес. Команда қазір Хаби Алонсоның “Байерінен” қалып, екінші орында келеді. Германиялық команданың басшылығы франциялық маманның өкілімен тілдескенге ұқсайды. Зинедин Зидан біраз уақыттан бері жұмыссыз жүр. Білікті бапкердің соңғы жұмыс орны “Реал” болатын.