Жарнама
Жарнама

Зинедин Зидан: «Реал» - бұл «Реал». Тарихтағы ең маңызды клуб

13.07.2020, 00:28
«Реал Мадридтің» бас бапкері Зинедин Зидан Ла Лиганың 36-турында «Гранадамен» болатын матчқа орай журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Жарнама
Жарнама

"Барселонаның төрешілерге шағымы ма? Әркім өз пікірін айта алады. Біреудің көзқарасымен дауласайын деп тұрған жоқпын. Біз көп жұмыс істеп, алаңда максимумды көрсетуге тырысамыз. Бұл мені қызықтыратын нәрсе."

"Адамдардың біздің ойын туралы не айтқаны маған бәрібір. Біздің міндетіміз - әр матчта өзіміздің жақсы екенімізді көрсету. Бұл тақырыпта кез-келген адам сөйлей алады, бірақ "Реал" - бұл "Реал". Тарихтағы ең маңызды клуб."

«Барселона» чемпион болса, әділ болады ма? Титул ең көп ұпай жинаған командаға бұйырады. Алдымызда - ең қиын және маңызды боп саналатын соңғы апта қалды», - деп түсіндірді Зидан.

"Гранада" мен "Реал" арасындағы кездесу ертең, 13 шілдеде, Гранададағы "Лос-Карменес" стадионында, Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров