Жарнама
Жарнама

Златан Ибрагимович «Миланда» қалатынын мәлімдеді

06.12.2021, 17:00
Оның қазіргі келісім-шарты алдағы жазда аяқталады.
Жарнама
Жарнама

«Миланның» шабуылшысы Златан Ибрагимович жақын арада клубпен келісім-шартты ұзартатындығын мәлімдеді.

«Мен мүмкіндігінше ұзақ ойнағым келеді. Қазір біз «Миланмен» келісім-шартты жаңарту үшін барлығын жасап жатырмыз. Мен «Миланда» мәңгі қаламын деп үміттенемін, тағы да Скудетто жеңіп алғым келеді. Мен мансабымды аяқтағаннан кейін не болатынын білмеймін. Кейінірек ештеңеге өкінбес үшін ойнауды жалғастырғым келеді», - деді швециялық шабуылшы.

Златан Ибрагимович осы маусымда 12 ойынға қатысып, 6 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров