Жарнама
Жарнама

Златан Ибрагимович ПСЖ клубына директор болғысы келеді

03.12.2021, 23:04
Ол ПСЖ президентімен байланысқа шығыпты.
Жарнама
Жарнама

«Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимович ПСЖ-ның спорт директоры болғысы келетінін мойындады. 40 жастағы швециялық футболшы 2012-2016 жылдар аралығында париждік команда сапында ойнаған.

«2021 жылдың жазында мен ПСЖ клубының спорт директоры болуға дайын тұрдым. Насер Аль-Хелайфиге телефон соғып, оған: «Егер мен «Миланмен» келісім-шартымды ұзартпасам, ПСЖ-ға ауысып, сіздің командаңызда тәртіп орнатамын» деп айттым. Насер күлді, бірақ бұл ұсынысыма жоқ демеді.

ПСЖ сапында қазір 40 ойыншы бар, бірақ олардың ешқайсысы командадан кеткісі келмейді, өйткені ол жерде бәрі өзін керемет сезінеді. Егер мен сол клубқа барсам, барлығы өз орнына келетін еді. Мен берген ақшаны кім ақтамаса, сол ойыншы командадан кететін болады», - деді Ибрагимович.

40 жастағы шабуылшының миландық клубпен келісім-шарты осы маусымның соңына дейін есептелген. Ол осы маусымда 12 ойында алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров