Жарнама
Жарнама

Зоран Тошич: «Бұл жер маған Мәскеуді және Ресейді есіме салды, ұқсас жерлері өте көп»

30.04.2021, 01:06
Тошич кеше қостанайлық клуб сапындағы алғашқы кездесуін өткізді.
Жарнама
Жарнама

Қостанайлық «Тобылдың» жаңа ойыншысы Зоран Тошич сербиялық «Партизан» клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстанға бейімделуі жайлы және мансабын қашан аяқтайтыны туралы сөз қозғады

– Қазақстандағы жағдайыңыз қалай болып жатыр?

– Тамаша. Менің мұнда жүргеніме бір ай болып қалды, мен бұл жерге келгеннен соң 24 сағат ішінде бой үйретіп алдым. Себебі, бұл жер маған Мәскеуді және Ресейді есіме салды, ұқсас жерлері өте көп. Тілден бастап менталитетке дейін. Мен мұнда өзімді жайлы сезінемін.

– Сенің жасыңда бөтен жерге бой үйрету қиынға соға қоймас?

– Мүмкін, солай шығар. Мен ойнайтын клубта Сербиядан келген ойыншылар бар, олар менің бейімделуіме көп көмектесті.

– Саша Илич мансабын 50 жасында аяқтады. Сіз осы футболшы секілді ұзақ уақыт бойы ойнай аласыз ба?

– Мен әлі бірнеше жыл, тіпті одан да көп уақыт ойнай алатыныма сенімдімін, бірақ дәл олай ұзақ ойнаймын деп айта алмаймын. Көре жатармыз. Футбол – бұл менің өмірім және менің болашаққа құрған жоспарым тек осы ойынмен байланысты. Футболда қай рөлде қалатынымды әлі білмеймін, оны ойлану үшін менде уақыт жеткілікті. Әзірге мен бар назарымды «Тобыл» сапындағы ойыныма аударамын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров