Жарнама
Жарнама

Зураб Цискаридзе: «Мен «Оқжетпеске» ауысатын едім, бірақ ол жерде бапкер ойыншылардан 50 мың доллар алады екен»

07.08.2020, 00:45
Көптеген шетелдік ойыншылар қазақ футболының бар сырын ашып беріп жатыр.
Жарнама
Жарнама

Грузия құрамасының бұрынғы ойыншысы Зураб Цискаридзе берген сұхбатында қазақстандық футболдағы «алыс-беріс» туралы айтты:

- Мен Қазақстандағы "Оқжетпес" клубына ауысатын едім, ол жерде Сычев те ойнаған болатын. Мен Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына екінші бапкердің шақыртуымен келдім, маған ұнады, біз барлығын келістік. Бірақ бас бапкер ойыншылардан үлкен ақша алатыны белгілі болды. Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін 50 000 доллар сұрайды екен.

- Ол сізге мұны жеке айтты ма?

- Мен онымен сөйлеспедім, бірақ оның сол жерде барлығын шешетінін естідім, ал бұл ақшаны бермейінше, командаға кіре алмайсың. Шынымды айтсам, мен ары қарай жағдайдың мән-жайын анықтамадым, ешкімге тәуелді болғым келмеді - кетіп қалдым. Мен одан кейін мұндай жағдайға тап болмадым, бірақ кейбір жерлерде агент пен бапкер арасында келісім бар екенін түсіндім: «Мен сіздің ойыншыңызды аламын, бірақ сіз маған келісімнің бірнеше пайызын беруіңіз керек»

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров