1/4 финал. Челси МЮ-ге түсті

18.03.2011, 22:21
1/4 финал. Челси МЮ-ге түсті
ИНТЕР (Милан, Италия) - ШАЛЬКЕ 04 (Германия) БАРСЕЛОНА (Испания) - ШАХТЕР (Украина) ЧЕЛСИ (Англия) - МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД (Англия) РЕАЛ (Мадрид, Испания) - ТОТТЕНХЭМ (Англия) Бүгін Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Швейцарияның Ньеон қаласында өткен жеребені жүргізген Гари Линекер ең алғаш болып "Реал" деген жазуды алып шықты. Жозе Моуриньо "Челси" мен "Интерге" түспесек екен деп айтқан болатын жеребе алдында. Өзінің бұрынғы клубтарына қарсы түсіп қалғанды жақсы көрмейтін португалдың бұл жолы бағы жанды. Қарсылас болып "Тоттенхэм" түсті. "Челси" биылғы маусымда "МЮді" ұтқан. Бірақ чемпиондық тәжге талас барысында манкуняндықтардан әлдеқайда артта қалып кетті. Енді чемпиондар лигасының ширек финалында бұл клубтар қайта жолығатын болды. "Барселона" кезінде топтық бәсекеде "Шахтерге" қарсы ойнаған. Донецкідегі матчта тіпті біраз жерге дейін сасқалақтап қалғаны да бар-тын. Бірақ, бұл күндегі "Барса" алдына келгенді аямайын деп тұр. "Интер" "Бавариядан" әупірімдеп өткенімен, чемпиондар лигасындағы жолын одан әрі жалғастыратын жақсы мүмкіндікке ие. Оның қарсыласы "Шальке-04". Әлемдегі клубтық деңгейдегі ең үздік жарыстың мергендері Рауль мен Это"О арасындағы теке тіресте кімнің жеңерін уақыт көрсетер. 1/2 финалда "Барса" мен "Шахтер" теке тіресінің жеңімпазы екі ойында мықты шыққан "Реал" немесе "Тоттенхэм" командаларына түседі. Бұл дегеніміз қалған екі жұпта озып шыққандар бір-бірімен кездеседі деген сөз.  Жартылайфиналда "Реал" -"Барселона" матчы орын алуы ықтимал. Ал, "Челси" - "МЮ" кездесуінің жеңімпазы финалға жетулеріне жақсы мүмкіндік қалыптасып тұрған секілді. Десе де, бұл футбол, мұнда болжам айту өте қиын. Оның үстіне бұл өте жэоғарғы деңгейдің командалары және жарыстың өзі тарихы бай, дәстүрге толы аламан дода. 1/4 ойындары 5-6 және 12-13 сәуір күндері өтеді.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×