Чемпиондар лигасының плей-оффында алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Селтикпен» күтпеген жерден тең түсті. Енді топтық кезеңнің тағдыры Алматыда шешіледі.
Егер Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықса:
Егер Еуропа лигасының жалпы кезеңіне шықса:
2015 жылы «Астана» клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған алғашқы отандық клуб атанып еді. Нәтижесінде олар 17 млн 292 мың еуро сыйақыға ие болды. Бұл ақшаның ішіне топтық кезеңге өткені, 4 мәрте тең түскені мен маркетинг жағы кірді.
«Селтик» сырт алаңда қалай ойнайды?
Өз алаңы мен сырт алаңдағы «Селтиктің» деңгейі әр түрлі. Еурокубоктағы көрсеткіштеріне назар аударсақ, Шотландия чемпиондары соңғы рет сырт алаңда 2021 жылы 4 қарашада Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Ференцварошты» 2:3 есебімен жеңген болатын. Одан бері 12 матч бойы түзде жеңіске жете алмай келеді.
«Қайрат» өз алаңында қалай ойнайды?
Чемпиондар лигасында үшінші мәрте күш сынап жатқан алматылықтар Алматының «Орталық» стадионында 6 мәрте қарсыласты қабылдаған. Олар әзірше барлығында жеңіске (доп айырмашылығы 12:1-ді құрайды) жетіп келеді.