Орталық қорғаушы Цотне Мосиашвили “Жетісу” командасы сапын толықтырды.
2024 жылы ол талдықорғандық командадан кетіп, қостанайлық “Тобылға” ауысып барған болатын.
31 жастағы ойыншы өз мансабында "Динамо" Батуми, "Дила", "Телави", "Торпедо" Кутаиси, "ВИТ Джорджия" және "Гагра" Тбилиси клубтарында өнер көрсетті.
Айта кетейік, Жетісу 1 ақпаннан 22 ақпанға дейін Түркияның Анталья қаласында ОЖЖ өткізді. Елге орала салысымен Талдықорған ұжымы Руслан Эсатов баптауындағы "Таразбен" кездесіп, 3:0 есебімен жеңді. Алғашқы ОЖЖ Қайрат Нұрдәулетов оңтүстік ұжыммен қайта кездесіп, 1:0 есебімен басым түсті. Ол ойындағы жалғыз голды Асхат Балтабеков соқты.