15 рет жалға берілген ойыншы АПЛ-дегі алғашқы матчын өткізді

14.09.2020, 17:32
Футболшы бұған дейін «Челси» клубына тиесілі болған.
15 рет жалға берілген ойыншы АПЛ-дегі алғашқы матчын өткізді

Англия чемпионатының бірінші турындағы «Фулхэм» - «Арсенал» матчында (0:3) алаң иелері сапында ямайкалық қорғаушы Майкл Эктор ойнады. Бұл кездесу оның Англия премьер-лигасындағы дебюті болды.

Эктор 2009 жылдан бастап 17 клубта ойнады, оның 15-де жалға берілген болатын. "Фулхэмге" дейін ямайкалық ойыншы алты түрлі ағылшын лигаларында ойнаған.

«Мен Премьер-лигада дебют жасағаныма мақтанамын. Бұл біз күткендей ойын болмады, бірақ біз бұдан да жақсы ойнай аламыз деп уәде беремін», - деп жазды Эктор «Арсеналға» қарсы матчтан кейін.

"Фулхэм" 2018-2019 маусымда Премьер-лигадан шығып қалған еді. Араға бір жыл салып команда қайтадан Англия чемпионатына жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×