15 жастағы бразилиялық шабуылшы Неймардың рекордын бұзды

07.01.2020, 02:06
15 жастағы бразилиялық шабуылшы Неймардың рекордын бұзды

"Освальдо" командасының шабуылшысы Пабло Хуан "ПСЖ" сұрмергені Неймардың рекордын жаңартты деп хабарлайды Globo Esporte.
Пабло Сан-Паулу Жастар Кубогында 3 қаңтарда "Понте Претамен" болған кездесуге қатысып, турнир тарихындағы ең жас футболшы атанды.(15 жас 3 ай 24 күн).
Ал кезінде 2008 жылы "Сантос" сапында Неймар 15 жас 11 айында алаңға шыққан еді.

-"Сан-Паулу Кубогында өнер көрсету менің бала күнгі арманым еді. Себебі, бұл мықты ұжымдар жіті бақылайтын белді турнирдің бірі",-дейді Хуан.

Ал "Освальдо" мен "Понте Прета" арасындағы матчта Хуанның командасы 1:5-пен ойсырай ұтылды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×