“15 жерден тігіс салынды” – Хорватиялық оқыс оқиғаға тап болды

Бүгін, 14:27

Елордалық "Астана" клубының қорғаушысы Бранимир Калаицаның ауыр жарақатының мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“15 жерден тігіс салынды” – Хорватиялық оқыс оқиғаға тап болды

Команданың бас бапкері Григорий Бабаян футболшының өміріне қауіп төндірген оқыс оқиға туралы айтып, жанкүйерлерді шошытты. Кәсіби спортшы алаңда емес, қонақ үй маңындағы қарапайым серуен кезінде ауыр жарақат алған.

Бапкердің айтуынша, бәрі кешкі астан кейінгі жайбарақат серуеннен басталған. Бранимир Калаица мен Марин Томасов қонақ үй маңында таза ауа жұтуға шыққан екен. Григорий Бабаян сол сәтті былай деп суреттеді:

“Бранимир мен Марин кешкі астан соң серуендеп жүрген. Сырт өте қараңғы болған. Калаица телефонмен сөйлесіп тұрып, оң жаққа бір ғана қадам жасаған, ал ол жерде биіктігі бір метрдей болатын арық, терең шұңқыр болыпты. Ол абайсызда сол жерге құлап кеткен. Ол құлаған бойда есінен танып қалды. Бұлай болуы мүмкін деп ешкім ойламаған еді. Оларды ешқайда шығармай, қамап ұстау мүмкін емес қой. Басы өте қатты жарылған, жарақатының ауырлығы сондай – басына 15 жерден тігіс салынды.” – деді Бабаян.

Қазіргі уақытта футболшы дәрігерлердің бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×