Инстаграмда 16,3 миллион жазылушысы бар танымал спорттық аккаунт BRFootball Чемпиондар Лигасы плей-офф кезеңіндегі "Қайрат" пен "Селтик" арасындағы жауапты ойыннан кейін жазба жариялады.
"Қайрат” тарих жазды, Қазақстандық клуб тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне шықты. 21 жастағы Темірлан Анарбеков пенальтилер сериясының қаһарманына айналып, "Селтиктің” үш соққысын қайтарды.” – делінген жазбада.