16 жастағы қазақстандық талант Бельгия чемпионатында гол салды

23.01.2026, 15:15

Шахмұрат Дәулетов «Генктің» жейдесінде маңызды гол салды.

16 жастағы қазақстандық талант Бельгия чемпионатында гол салды
Шахмұрат Дәулетов

16 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Бельгия жасөспірімдер чемпионаты аясында өткен матчта өз командасының негізгі құрамында алаңға шыққан. «Левен» клубына қарсы болған бәсекеде командасын алға шығарды. Ал кездесудің өзі 2:2 есебімен аяқталған болатын.

Айта кетейік, Шахмұрат Дәулетов «Қайраттың» түлегі саналады. Ол бір апта бұрын «Боруссияның» (Менхенгладбах) қосалқы құрамына қарсы ойнап, шеберлігімен көзге түсті. Ш. Дәулетовтің командасы қатарынан тоғыз матч жеңілмей келеді. «Гент» көш басындағы «Брюггемен» бірдей ұпай жинап тұр – 21.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×