17,9 миллион? «Ақтөбедегі» легионерлердің 8 жыл бұрынғы жалақысы осындай, ал қазір қанша табады?

24.07.2025, 10:38

«Ақтөбенің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Томаш Шимкович чехиялық «Livesport.cz» басылымына сұқбат беріп, шетелдік футболшылардың ҚПЛ-дегі жалақылары жайлы айтты.

17,9 миллион? «Ақтөбедегі» легионерлердің 8 жыл бұрынғы жалақысы осындай, ал қазір қанша табады?
"Ақтөбе" - "Легия" кездесуі

Аустриялық футболшының айтуынша, «Ақтөбе» сапында ойнаған легионерлердің жылдық табысы 400 мың доллар болған (188 миллион теңге). Ал сапалы дегендері тіптен айына 700 мың чех крондарына дейін табыс тапқан көрінеді (17,9 миллион теңге). Айта кетейік, Томаш Шимкович «Ақтөбе» сапында 2017-маусымда өнер көрсетті. Сол аралықтан бері бірнеше клуб ауыстырғанымен, ҚПЛ-дегі кезеңін ерекше еске алады. Бұл ең алдымен, әрине Қазақстанда алған жоғары жалақымен байланысты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×