17 жастағы қазақ шабуылшысы «Левантемен» Испания жасөспірімдер чемпионы атануға жақын

Бүгін, 11:26

«Левантенің» 17 жастағы шабуылшысы Алдияр Нұрғали Испания жасөспірімдер чемпионаты аясындағы матчта командасына жеңіске жетуге көмектесті.

17 жастағы қазақ шабуылшысы «Левантемен» Испания жасөспірімдер чемпионы атануға жақын
Алдияр Нұрғали

Бұл туралы ASnews.kz сайты мәлімдеді.  

Отандасымыз «Талавера» командасына қарсы матчқа қатысып, нәтижелі паспен көзге түсті. 17 жастағы футболшы аталған ойында сол қанаттағы шабуылшы позициясында алаңға шыққан. Алдияр Нұрғалидің еншісінде «Леванте» жейдесіндегі барлық жарыстарды есепке алғанда сегіз гол бар. Жас шабуылшы жаңа маусымда «Левантенің» негізгі командасымен жаттығуға мүмкіндік алады.

Алдияр «Астана» мен «Қайрат» намысын қорғаған. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының сапында да өнер көрсетті. Оның испаниялық командасы чемпионаттың аяқталуына тоғыз тур қалғанда турнир кестесінде көш бастап келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×