Нұрмүбәрак Жақсылықұлы Премьер-Лига командасымен келісімге келуі мүмкін.
2008 жылы туылған Нұрмүбәрақ қазірде “Тобылмен” бірге Анталияда ОЖЖ өткізуде. Астана ойыншысы Нұралы Жақсылықтың інісін Түркиядағы жиынға жастармен жақсы жұмыс жасай білетін Нұрбол Жәрдемұлы Жұмасқалиев шақыртқан екен.
Айта кетейік, өткен 2025 жылғы маусымда Нұрмұбәрак “Тобыл” ФК-2008 QJ League командасында өткізді. Онда ол барлығы 21 матч өткізіп, 7 гол мен 7 голдық пас берді. Одан тағысы, 17 жастағы ойыншы 16-турда соғылған ғаламат голдың авторы деп танылды. Осындай талантты ойыншыны “Тобыл” бапкері тасада қалдырмай негізгі ұжымға шақыртыпты.
6-27 қаңтар аралығындағы жиында барлығы дұрыс болып, Нұрмүбәрак келісім шартқа қол жеткізсе, онда Жақсылық тегімен Премьерде дебют жасаған тағы бір талант иесіне көз жеткіземіз.