Азербайжандық "Қарабақ" клубы Чемпиондар лигасында қатарынан екі жеңіске жетіп, нағыз сенсацияны паш етті. Бұл жетістіктің артында тұрған адам – ел футболының аңызына айналған бапкері Гурбан Гурбанов.
Гурбан Гурбанов кім?
1990-жылдары ол Ресейдің "Факел” командасында ойнап, клубты жоғарғы лигаға шығарған. Ал бүгінде ол — Азербайжан футбол тарихындағы ең табысты бапкер.
Гурбанов 2008 жылдан бері "Қарабақтың" тізгінін ұстап келеді. 17 жыл ішінде ол командамен 10 рет ел чемпионы атанып, клубты Еуропа аренасында да жетістікке жеткізді. Осындай ұзақ мерзімді табысты жұмысы арқасында ол бір командада ең ұзақ қызмет еткен бапкерлер тізімінде әлем бойынша екінші орында тұр.
"Қарабақ” феномені
Гурбановтың басқаруындағы "Қарабақ” тек ел ішіндегі чемпиондықтармен шектелмей, халықаралық деңгейде де тұрақты қарсыласқа айналды. Клубтың ойыны тәртіпке, ұйымшылдыққа және сенімді қорғанысқа негізделген.
Қарапайым құраммен де ұжым командалық рух пен тактикалық сауаттылық арқылы алып клубтарға лайық деңгейде өнер көрсетіп жүр.
Бүгінгі матч:
Бүгін, Астана уақытымен 21:45-те, "Қарабақ” Чемпиондар лигасында Испаниялық «Атлетикке» қарсы алаңға шығады. Бұл кездесу — Гурбанов шәкірттерінің Еуропалық аренадағы келесі үлкен сынағы болмақ.
Еуропаның ең беделді турнирінде Азербайжандықтар қатарынан үшінші рет жеңіске жетіп әлем жұртшылығын тағы да бір дүр сілкіндіруге ниетті.