18 жастағы Шерханға құпия кеңес: “Лиссабонда қорқынышты ұмытып, сабыр сақта!”

16.09.2025, 16:20

“Ордабасы” клубының және Қазақстан құрамасының бұрыңғы қақпашысы Алмат Бекбаев “Қайраттың” 18 жастағы голкипері Шерхан Қалмырзаға Чемпиондар лигасындағы дебюті алдында маңызды кеңес айтты.

18 жастағы Шерханға құпия кеңес: “Лиссабонда қорқынышты ұмытып, сабыр сақта!”

“Лиссабонда өтетін матч оңай болмайды. Шерхан барлық қобалжуды сыртқа шығарып, “Реалға” қарсы ойынға еш қорқынышсыз шығуы тиіс. Ең бастысы – қысымға төтеп беру. Қазір жанкүйерлер де, баспасөз де осы тақырыпты қыздыра түседі. Сондықтан Шерхан әлеуметтік желіге назар аудармай, барынша сабырлы болғаны дұрыс. Барлығы жақсы болады.” – деді тәжірибелі қақпашы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×