19 жасар Қазақстандық футболшы Ресейлік клубқа ауысты

03.10.2020, 23:27
Жазда Сербиялық клубта қаралымда болған.
19 жасар Қазақстандық футболшы Ресейлік клубқа ауысты

19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Изат Құлжанов Ресейдің үшінші дивизионында өнер көрсететін "Носта" клубымен келісімшартқа отырды.

Құлжанов - "Ертіс" клубының тәрбиеленушісі. Ол ресми матчтарда негізгі команда сапында дебют жасаған жоқ. Алдыңғы маусымда Екінші лигада 32 матч өткізіп, 8 гол соққан.

Жазда футболшы сербиялық «Раднички» клубында қаралымда болған, бірақ аталған клубқа ауыса алмады. Новотроицк қаласының намысын қорғайтын "Носта" командасы 1991 жылы құрылған. ПФЛ біріншілігінде, Орал-Еділ тобында өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×