Алдияр Алтаев
Қазақстандық шабуылшы Алдияр Алтаев Беларусь клубының оқу-жаттығу жинына қатысуда.
19 жастағы футболшы қаралымда өзін жақсы қырынан көрсете алса, «Барановичи» сапын толықтыруы ықтимал. Бұл туралы «Кazakh_football_inside» телеграмм-арнасы мәлімдеген болатын.
Алдияр Алтаев «Астана» түлегі саналады. Қазақстан премьер-лигасындағы дебютін қостанайлық «Тобыл» қатарында өткізген. Жас шабуылшының соңғы клубы «СД Фэмили» болатын. Астаналық ұжым сапында 1 лигада 15 ойында 7 нәтижелі соққысымен көзге түскен. QJ League аясындағы турнирдегі 19 матчта 2 голдың авторы атанды.
«Барановичи» Беларусь жоғары дивизионының дебютанты.