19 жастағы қазақстандық футболшы белоруссиялық клубқа ауысты

27.05.2021, 02:58
Былтыр «Алтай» клубында дебют жасаған ойыншы жаңа командасымен бір жылдық келісім-шартқа отырды.
19 жастағы қазақстандық футболшы белоруссиялық клубқа ауысты

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Бекжан Серғали белоруссиялық "Малорита" командасымен келісім-шарт жасасты. Келісім-шарт бір жылға есептелген.

Алматы футболының тәрбиеленушісі Бекжан Серғали футболдағы алғашқы қадамын "Бейбарыс" жеке футбол мектебінде жасады. Содан кейін ол "Қайрат" академиясының филиалында тәлім алды. 15 жасында "Алтай" академиясына қосылды. 2019 жылы ол "Алтайдың" жастар командасында, ал былтыр негізгі командада дебют жасады.

Енді Серғали Белоруссияға, екінші лигада өнер көрсететін "Динамо-Брест-1960" клубына аттанды, аталмыш клуб биыл "Малорита" болып өзгертілді. Бұл "Динамо Бресттің" фарм клубы болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×