2 гол жіберіп алған қақпашы бірінші таймнан кейін үйіне кетіп қалған

01.06.2017, 15:35
2 гол жіберіп алған қақпашы бірінші таймнан кейін үйіне кетіп қалған
cdff08e27ccb7c9a679a31e62bb079b4

Бразилиялық голкипер Фабио Гонсалвес "Фигейренсе" клубының сапында тұңғыш рет ойынға шығып, алаң ортасынан гол жіберіп алды, - деп хабарлайды Globo Esporte.

Бразилияның В Сериясындағы төртінші тур аясында "Боа" клубына қарсы өткен ойында қақпашы бірінші таймда екі доп жіберіп алды. Бірінші голды қақпа ортасынан соқтырып алса, екіншісі 11 метрлік айып добынан өткізіп алды.

Ал бірінші тайм аяқталған кезде Гонсалвес стадионнан шығып кетіп, таксимен кетіп қалған. Ал клуб осы ісі үшін 38 жастағы голкипермен келісімшартын үзді.

Кездесу 2:0 есебімен аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×