2013 жылдың сәтсіз 5 трансфері. Қазақстан және Ресей чемпионаты

06.02.2014, 23:39
2013 жылдың сәтсіз 5 трансфері. Қазақстан және Ресей чемпионаты
2013 - ші жылды артқа тастап, 2014 жыл да аяқ басты. Футбол әлеміндегі сансыз көп оқиғалар тарих қойнауына кетуде. Футбол әлемінде пайда бола бастаған жаңа есімдер, жаңа командалар. Бірі күшейсе, бірі әлсіреп, сансыз көп жанкүйер қауымның жадында сақталуда.  Өткен жыл Қазақстан футболы үшін сәтті өтті деуге толық негіз бар. Қазақстан футболына 100 жыл толғанда жарқын жеңістер мен жетістіктерге  жетіп, қазақ жанкүйерлерінің жүрегінде жаңа үміт пайда бола бастады. Ішкі біріншіліктегі талас пен тартыс та қыза түсті. Сәтті, сәтсіз трансферлер де жасалды.  Бір футболшылар жаңа командасында жаңа қырынан танылып, жақсы ойынымен көзге түссе, бірі мүлдем жоқ болып кетті, ойынға шықса да бас бапкер көңілінен шыға алмаған футболшылар командасымен қош айтысты. Бүгін сіздердің назарларыңызға  Қазақстан мен Ресей чемпионатындағы сәтсіз 5 трансферді ұсынбақшымын: Қазақстан Премьер - Лигасындағы сәтсіз 5 трансфер 1. Мануэль Курто (27 жас) 2013 жылы "Тараз" командасына сонау Португалиядан келген Мануэл Курто маусым ортасына таман командадан біржола көрінбей кетті. Стандартты жағдайларды орындаудың хас шебері атанған қырағы футболшының бағын байлағандай болды. Алғашқы ойыннан-ақ көзге түсіп дубль авторы атанған португал футболшысы "Тараз" командасына керексіз боп қалды. Талантын тұншықтырған "Тараз" командасымен біржола қош айтысты. Қазақстандағы жорығын сәтсіз аяқтан Курто қазір өзіне жаңа клуб іздеу үстінде. Курто Лиссабондық "Бенфика" клубының жастар құрамасында ойнаған. Португалдық "Эшторил" командасында 36 рет жасыл алаңға шығып, 2 рет қанжығасы майланған. 2. Глеб Георгиевич Мальцев (25 жас) 2007-2012 жылдар аралығында "Ертіс" сапында 101 ойын өткізіп, 33 гол соққан Глеб, Қазақстан ұлттық құрамасында 3 ойын өткізіпті. Дегенмен шабуылшыға 2012 жылы еліміздің бірнеше клубтары қызығып, өз қатарларынан көргісі келіпті-мыс. 2013 жылы Глеб шымкенттік "Ордабасымен" келісім-шарт жасасты. Бірақ, бұл таңдау сәтті бола қойған жоқ. Бар - жоғы 6 ойын өткізген Глеб, қосалқы құрамда қалып, "Ордабасы" командасында өзін толықтай көрсете алмады. Глеб Ұлттық құрамадағы ең алғашқы ойынын 2008 жылы Англияға қарсы өткізді. Сол кездесуде Қазақстан, 2010 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеу ойындарында Англия командасынан 5-1 есебімен ұтылып қалған болатын.  Рауан Сариев ( 19 жас ) Бразилия төсінде тебіл доптың қыр сырын меңгеріп келген Рауан Сариев 2013 жылы алматылық "Қайрат" командасына ауысып келгенде көпшілік көрермендер қалай қуанғанын көрсеңіздер. Қазақ басылымдары жарыса жазып, жас футболшыдан көп үміт күтті. "Атлетико Минейро" мен "Ботофаго" жастар құрамасында ойнаған Рауанды мақтағандардың саны көп болды. Бірақ сол көп мақтауды көтере алмады ма, жоқ әлде өз елінде еркелеген сыңай танытты ма, керемет ойын өрнегімен көзге түсе алмады. Вайсстың көңілінен шыға алмаған Рауан қосалқы құрамда отырып, дубльде ойнады. Қазіргі кезде ағасы Саят Сариев ойнап жүрген "Жетісу" командасымен бірге жаттығу үстінде. Дәуренбек Тәжімбетов (28 жас) Қызылордалық футбол мектебінің түлегі Дәуренбек Тәжімбетовтың үлкен футболдағы ең алғашқы қадамы "Қайсар" командасында басталғанын бірі білсе бірі білмес. 2010-2012 жылдар аралығында шымкенттік "Ордабасының" сапында ойнаған Дәуренбек командасындағы ең үздік сұрмергендердің бірі болды. 82 рет жасыл алаңға шыққан шабуылшы 26 гол салып өз командасын жеңістерге жетеледі. Ордабасы клубында шабылшылық қырын толықтай аша білген ол, 2011 жылы Қазақстан Премьер-лигасындағы ең үздік 33 - футболшылардың қатарына енді. 2013 жылы қарағандылық "Шахтерға" ауысып барып, 16 ойында 3 гол соқты. Маусым ортасына таман трансфер есігі ашыла салысымен Елордалық "Астана" командасынан шақырту алып, кеншілер сапынан біржола кетті. Алайда, шабуылшының бұл қадамы аса сәтті бола қоймады. Остапенко, Нөсербаев, Сисеро, Твумаси секілді шабуыл шебінде өнер көрсететін футболшылардың тасасында қалған Дәуренбек, жаңа командасында 4 - ақ ойынға қатысты. Дәуренбек Қазақстан ұлттық құрамасына арагідік шақырылып тұратын. 4 ойынға қатысып, 3 голды өз еншісіне жазды. 3 голын да Қырғызстан ұлттық құрамасымен болған жолдастық кездесуде соғып, ұлттық құрамадағы алғашқы хет-тригін жасады. "Астанада" шабуылшылық қырын толықтай аша алмаған Дәуренбек, келер маусымда "Ордабасы" командасында ойнайтын болды. Сергей Гридин (26 жас) Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Сергей Гридин соңғы кездері жанкүйер қауымның көңілінен шықпақ түгілі, шабуылшы ретінде қарсылас қақпасына гол соға алмай жүргелі қашан?! Командадан командаға ауысқанан басқа түк бітіре алмай жүрген Гридин, жақында "Атырау" клубының ойыншысы атанды. Ұзын бойлы шабуылшының ұлттық құрама сапында Әзірбайжан қақпасына соққан қос голын көпшілік жанкүйерлер әлі ұмыта қоймаған болар. Сол дубльден кейін Қазақстан ұлттық құрамасында да салы суға кетіп, бір де бір қақпаға гол соға алмауда. Сергейді қырсық шалды ма, жоқ, тым еркінсіп кетті ме, әйтеуір жасыл алаңда селпең- селпең етіп жүгіргеннен басқа ештеңе тындырған жоқ. 2013 жылы "Ақтөбеге" ауысқан Гридин командада 20 ойын өткізіп, қарсылас қақпасына бар-жоғы 1 гол соғыпты. Бұл шабуылшы үшін жақсы нәтиже деп айта алмайсың, әрине. Үмітсіз шайтан,- деп халқымыз тегін айтпаса керек. Сергейге сеніп артып көрейік. Келер маусымда "Атырауды" өрге сүйреп жатса таң қалмаңыздар. 2013 жылғы сәтсіздік, 2014 жылы қайталанбасын деп тілейік. Ресей Премьер - Лигасындағы сәтсіз 5 трансфер 1. Виктор Винисиус Коэльо дос Сантос ( 20 жас ) Көпшілікке Витиньо лақап атымен танымал бразилиялық жас футболшы қазіргі кезде мәскеулік ЦСКА командасының шабуылшысы. Бұған дейін Ботофаго командасында 16 ойын өткізіп 4 гол соққан. Шабуылшының ойынына Еуропаның бірнеше скауттары қызығығып, өз командасының қатарынан көргісі келген клубтар саны көбейген.Әсіресе, түркиялық «Галатасарай», украиналық «Шахтёр», португалиялық «Порту» және мәскеулік "ЦСКА" клубтарының арасында қызу талас жүрді. Сонымен "ЦСКА"-Витиньоны, Витиньо - "ЦСКА" - ны таңдаған болатын. 2 қыркүйек күні 10 миллионов евроға бағаланып ресми түрде келісім - шарт жасасты. Қытай чемпионатына кеткен Вагнер Лавтың орнын жоқтатпайтын футболшы есебінде саналған. Бірақ бразилиялық жас пері сенім үрдісінен шыға алар емес. Негізгі құрамға да ене алмай келеді. "ЦСКА" командасы өкілдерінің бұл шабуылшыға өкпесі қара қазандай. Шабуылшы 6 ойын бойы гол соға алмай келеді. 2. Анатолий Александрович Тимощук (34 жас ) Бір кездері Донецкінің "Шахтерінде", Петербордың "Зенитінде" жасындай жарқылдап, көшбасшы ойыншылардың бірі болған Тимощук 2009 жылы немістің "Бавария" командасына ауысып барды. Футболшы ғұмырындағы жарқын сәттерді сол команда сапында өткізді десек те болады. "Бавариямен" толағай жетістіктерге жетті. 2013 жылы қайтадан "Зенит" командасына оралған Тимощук, негізгі құрамға іліне алмай әлек. Бар жоғы 14 ойын өткізген қорғаушының ендігі жарқылдар сәті қайта туар ма екен? 3. Лукас Рамон Барриос (29 жас ) Парагвайлық шабуылшы 2013 жылы тамыз айының 10 - да "Спартак Москва" командасымен 3 жылдық келісім-шарт жасасқан болатын. Трансфер сомасы 3 млн еуроны құраған. 2013 жылы 1 желтоқсанда "Волга" командасының қақпасына алғашқы голын соқты. Бар жоғы 9 ойын өткізген шабуылшы негізгі құрамға ене алмай келеді. 2009 жылы "Боруссия Дортмунд" командасында 83 ойын өткізіп, 39 гол соққан Барриос, 2012 жылы қытайдың «Гуанчжоу Эвергранд» командасына ауысып барып, 17 ойында 5 голды өз еншісіне жазған. 2013 жылы "Спартак" командасына келген Барриос негізінен Мовсисянды алмастырады деп болжанған. Әзірше танымал шабуылшы өз ойынын таба алмауда. 4. Кристофер Самба (29 жас) Кристофер Самба Ағылшын, неміс, француз біріншіліктерінде доп тепкен Самба Ресейге 2012 жылы келіп, махачкалалық "Анжи" командасының футболшысы атанды. Содан бері орыс жанкүйерлерінің сүйікті футболшыларының бірі болған Самба 2013 жылы 3 команданың жейдесін киіп үлгерген ("КПР", "Анжи", "Динамо Москва"). "Динамо Москва" 10 млн евроға бағалаған қорғаушы сол бағасын ақтай алмауда. 6 ойын қатарынан қосалқы құрамда отырып, 1 рет ойын ортасында алаңға кірген болатын. Ол өз орнын Дуглас Тейшейраға ғана емес, жазда Твентеден келген Владимир Гранатқа да босатып берді деп толықтай айта аламыз. 5. Гонсало Буэно (20 жас ) Официально: Буэно стал игроком «Кубани» - Футбол - Чемпионат России 2013 жылдың жазғы трансферлік аусым барысында Буэно уругвайлық "Насьональ " командасынан ресейлік Кубань командасына ауысып барғанда: "Буэно - жас әрі талантты футболшы. Уругвайдың жоғарғы лигасында керемет ойын үлгісімен танылған әрі әлемдік жастар чемпионатының күміс жүлдегері. Ол командаға тез үйренісіп, жақсы ойын үлгісін көрсетеді де ойлаймын,- деп Кубань клубының спортттық директоры Сергей Доронченко сенім білдірген. Ресей Кубогы жарысындағы рязандық «Звезда» командасымен болған ойында Кубань ұтылып қалып, келесі кезеңге өте алмай қалған болатын. Сол ойында Буэно 11 метрлік айып соққысын сәтті орындай алмады. Командаға жаңа леп алып келеді деп алдырған жас ойыншының сенімсіз ойынына Кубань басшылығы риза емес. Буэно уругвайлық "Насьональ " сапында 65 рет жасыл алаңға шығып, 18 гол, 14 нәтижелі пастың авторы атанған.   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.358
Ничья
5.55
П2
9.15
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.958
Ничья
4.025
П2
3.75
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.53
Ничья
4.895
П2
5.96
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.34
Ничья
3.615
П2
2.222
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.85
П2
2.872
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.085
Ничья
14.1
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.151
Ничья
9.3
П2
20
Aladop Youtube
×