Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) Халықаралық кәсіби футбол ойыншылар қауымдастығымен (FIFPro) бірлесе отырып, 2020 жылдың символикалық құрамын жариялады.
Ондағы ең көп позицияны "Ливерпуль" мен "Бавария" ойыншылары иеленді.
2020 жылдың символикалық құрамы:
Қақпашы: Алисон Беккер ("Ливерпуль");
Қорғаушылар: Вирджил ван Дейк, Трент Александр-Арнольд (екеуі де "Ливерпуль"), Альфонсо Дэвис ("Бавария"), Серхио Рамос ("Реал Мадрид");
Жартылай қорғаушылар: Джошуа Киммих ("Бавария"), Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити"), Тиаго Алькантара ("Бавария"/"Ливерпуль");
Шабуылшылар: Роберт Левандовски ("Бавария"), Лионель Месси ("Барселона"), Криштиану Роналду ("Ювентус").
Біздің серіктес: FONBET