2020 жылы ең көп ойын өткізген футболшылардың тізімі жарияланды

22.12.2020, 16:17
Бұл тізімге «Манчестер Юнайтедтің» екі ойыншысы кірді.
2020 жылы ең көп ойын өткізген футболшылардың тізімі жарияланды

Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) 2020 жылы ресми матчтарда ең көп ойнаған футболшыларының рейтингін жариялады.

Рейтингті 17 желтоқсанға дейін 4745 минут (53 матч) өткізген «Манчестер Юнайтедтің» қорғаушысы Харри Магуир бастап тұр. Екінші орында 4344 минут бойы өнер көрсеткен «Манчестер Ситидің» қорғаушысы Рубен Диаш тұр. Үздік үштікті 4293 ммнут өткізген «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси түйіндеді.

Үздік бестікке «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Бруно Фернандеш (4164 минут) және «Сеара» қорғаушысы Бруно Пачеко (4162 минут) кірді. Ал «Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду 85 орынға (3668 минут) жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×