2020 жылы ТОП-5 лигада ең көп гол соққан футболшылардың тізімі жарияланды

31.12.2020, 17:31
Левандовски бір голға артта қалып қойды.
2020 жылы ТОП-5 лигада ең көп гол соққан футболшылардың тізімі жарияланды

Португалиялық "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропадағы үздік 5 лиганың 2020 жылғы сұрмергені атанды, деп хабарлайды Gracenote Live.

2020 жыл ішінде Роналду Италия чемпионатында 33 гол соға алды. Екінші орында "Бавария" футболшысы Роберт Левандовски тұр, ол Бундеслигада 32 гол соғып үлгерді. Үшінші орын "Лацио" шабуылшысы Чиро Иммобилеге бұйырды. Оның Италия чемпионатында соққан 28 голы бар. Төртінші және бесінші орындарды "Ливерпуль" футболшысы Мохамед Салах пен "Боруссия Дортмунд" ойыншысы Эрлинг Холланд бөлісіп отыр, олар Англия Премьер-лигасында және Бундеслигада сәйкесінше 23 голдан соққан.

Бұған дейін Криштиану Роналду Globe Soccer нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың үздік ойыншысы атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×