2022 жылғы әлем чемпионатында әйел төрешілер қызмет етпек

20.05.2022, 00:23
Бұл мундиаль тарихында болмаған нәрсе.
2022 жылғы әлем чемпионатында әйел төрешілер қызмет етпек

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2022 жылғы әлем чемпионатында жұмыс істейтін төрешілер тізімін жариялады.

Мундиаль тарихында алғаш рет турнирге әйел төрешілер қатысқалы тұр. Стефани Фраппар (Франция), Салима Мукансанга (Руанда) және Йошими Ямашита (Жапония) 2022 жылғы әлем чемпионатының бас төрешілері болып жарияланды.

Неуза Бэк (Бразилия), Карен Диас Медина (Мексика) және Катрин Несбитт (АҚШ) ассистент қызметін атқаратын болады.

Турнирде жалпы 36 бас төреші, 69 ассистен және 24 VAR төрешісі жұмыс істемек.

2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты 2022 жылдың 21 қарашасы мен 18 желтоқсаны аралығында Катарда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×