2026 жылғы Әлем Кубогы – Тарихтағы ең үлкен әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтпек

Бүгін, 18:25

2026 жылғы Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі бүгін Вашингтонда өтеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

2026 жылғы Әлем Кубогы – Тарихтағы ең үлкен әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтпек

32 команданың орнына, бұл жолы 48 команда қатысатын тарихтағы ең үлкен Әлем Кубогы маусым айында басталады. Соңғы рет 24 команда қатысқан турнир 1994 жылы АҚШ-та өткен болатын, ал 1998 жылы Франциядағы турнирден бастап қатысушы елдердің жалпы саны 32-ге дейін өскен еді.

Бүгін іріктеуден өткен 39 ел мен үш алаң иесінің 12 топтың қайсысына түсетіні белгілі болады. Сенбі күні FIFA матч өтетін орындар мен басталу уақыттарын жариялайды. Турнир 11 маусымда Мехикодағы "Ацтека" стадионында басталады.

Іріктеуден өткен командалар мен алаң иелері ФИФА-ның ең соңғы әлемдік рейтингге сәйкес төрт, 12 командадан тұратын қоржындарға бөлінген.

• 1-ші Қоржын: Үш алаң иесі (АҚШ, Мексика, Канада) және рейтингі бойынша ең жоғары тұрған тоғыз команда кіреді.

• 2-ші Қоржын: Рейтингіде 13-24 орындағы командалар.

• 3-ші Қоржын: Рейтингіде 25-36 орындағы командалар.

• 4-ші Қоржын: Ең төменгі рейтингдегі соңғы 12 команда, оның ішінде плей-оффтың алты жеңімпазы бар.

Жалпы 48 команда:

• Еуропа: 16 команда (Әзірге 12-сі анықталған)

• Африка: 9 команда

• Азия: 8 команда

• Солтүстік Америка: 6 команда

• Оңтүстік Америка: 6 команда

• Океания: 1 команда

Қазіргі уақытта Еуропада наурыздағы плей-офф матчтарында төрт орынға талас бар. Сондай-ақ, наурызда өтетін Құрлықаралық плей-офф ойындарында Солтүстік Америкадан екі, Азиядан бір, Африкадан бір, Оңтүстік Америкадан бір және Океаниядан бір команда екі жолдама үшін күреседі.

Жеребе басталғаннан кейін, командалар төрт командадан тұратын 12 топтың біріне орналастырылады. Алғашқы болып АҚШ, Канада және Мексика бастаған 1-ші Қоржын командалары тартылады. Алаң иелері өз топтарына алдын ала бөлінген: Мексика A тобына, Канада B тобына, ал АҚШ D тобына түскен.

1-ші Қоржын командалары өз топтарына бөлініп болғаннан кейін, 2, 3 және 4-ші Қоржындардың командаларына жеребе тартылып, топтық кезең процесі аяқталады.

Командалар финаллық кезеңге өтетін елдерді анықтау үшін үш топтық ойын ойнайды.

Топтық кезеңнен кейін 32 команда финалдық кезеңге өтеді. Әр топтан үздік екі команда, сондай-ақ, үшінші орын алған командалардың арасынан ең үздік сегізі келесі кезеңге өтеді. Теңдік кезіндегі басымдықтар (рет-ретімен): гол айырмашылығы, соғылған голдар, өзара ойын нәтижесі, адал ойын көрсеткіші, соңында жеребе тарту.

ФИФА бұл Әлем кубогында бәсекелестік тепе-теңдікті сақтау мақсатында кейбір өзгерістер енгізді. Жартылай финалға дейінгі екі жол жасалған. Бұл ең жоғары рейтингдегі екі команданың өз топтарынан жеңіп шыққан жағдайда финалға дейін кездесуіне жол бермейді. Мысалы, турнирдегі ең жоғары рейтингде Испания мен екінші орындағы Аргентина бір-біріне қарама-қарсы жолдарға бөлінеді. Дәл осылайша Франция мен Англия да бөлінеді, осылайша үздік төрт команда өз топтарынан жеңіп шыққан жағдайда жартылай финалға дейін кездеспейді.

Барлық Әлем Кубогындағыдай, бір конфедерациядан (мысалы: Бразилия мен Уругвай) шыққан командалар бір топқа түсе алмайды, бірақ Еуропа елдерінен басқа. Әр топта кем дегенде бір, бірақ екіден артық емес Еуропа елі болуы мүмкін.

1-ші Қоржын: 

Канада, Мексика, АҚШ, Испания, Аргентина, Франция, Англия, Бразилия, Португалия, Нидерланды, Бельгия, Германия

2-ші Қоржын:

Хорватия, Марокко, Колумбия, Уругвай, Швейцария, Жапония, Сенегал, Иран, Корея Республикасы, Эквадор, Австрия, Австралия

3-ші Қоржын:

Норвегия, Панама, Мысыр, Алжир, Шотландия, Парагвай, Тунис, Кот-д’Ивуар, Өзбекстан, Катар, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Африка

4-ші Қоржын:

Иордания, Кабо-Верде, Гана, Кюрасао, Гаити, Жаңа Зеландия, Еуропалық Плей-офф А, B, C және D, Құрлықаралық Плей-офф 1 және 2

Рәсім Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×