2026 жылдың бірінші жартысында Қазақстан ұлттық құрамасы мен жастар командаларының спорттық киім мен жабдық жеткізушісі ауысады. Футбол федерациясының жаңа серіктесі басқа халықаралық бренд болмақ.
Дереккөздердің мәліметінше, келесі жылдан бастап ұлттық және жастар құрамаларының формасы мен жабдықтарын жаңа компания өндіреді.
Айта кетейік, 2023 жылдың жазынан бері Қазақстан футбол федерациясының техникалық демеушісі болып Итальяндық Erreà бренді қызмет етіп келеді. Бұл серіктестік УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асқан болатын.
Қазіргі форманың дизайнын отандық Creeon студиясы жасаған.