2028 жылғы Конференциялар лигасының финалы Қазақстанда өтуі мүмкін

31.10.2025, 20:30

Қазақстан 2028 жылы Конференциялар лигасының финалын қабылдауға ресми түрде қызығушылық танытты. Матч өткізуге үміткер қалалар қатарында ел астанасы Астана мен Алматы бар.

2028 жылғы Конференциялар лигасының финалы Қазақстанда өтуі мүмкін

УЕФА баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйым 2028 және 2029 жылдардағы басты клубтық турнирлердің — Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференциялар лигасы және Әйелдер Чемпиондар лигасы финалдарын өткізу бойынша 15 ұлттық қауымдастықтан өтініш қабылдаған.

Айта кетерлігі, бұл тек қызығушылық білдіру кезеңі. Яғни, елдер әзірше өз ниетін көрсетіп отыр, ал толыққанды өтінімдер мен инфрақұрылымдық құжаттар 2026 жылдың 10 маусымына дейін тапсырылуы тиіс.

2028 жылғы Конференциялар лигасы финалын өткізуге үміткер елдер мен қалалар:

  • Франция: Лилль – "Пьер Моруа” стадионы
  • Венгрия: Будапешт – "Пушкаш Арена"
  • Италия: Турин – "Ювентус Стэдиум"
  • Қазақстан: Астана "Астана Арена” немесе Алматы "Орталық стадион” 
  • Польша: Гданьск – "Арена Гданьск"

УЕФА Атқарушы комитеті финалдық ойындардың қожайындарын 2026 жылдың қыркүйегінде жариялайды. Ал клубтық турнирлердің финалдарын өткізуге өтінім қабылдау рәсімі биыл, 2025 жылдың 11 шілдесінде басталып, 22 қазанға дейін жалғасқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×