"Қайрат" ФК футболшылары
2028 жылға қарай ҚПЛ-дегі легионерлер лимиті біртіндеп 12-ден 8 ойыншыға дейін қысқаратын болды.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасаған баяндамасында тілге тиек етті. Сондай-ақ, аталмыш жиында Лория мырза тағы біраз мәліметті келтірген – Қазақстан УЕФА клубтар рейтингінде 39-орыннан 34-орынға көтеріліп, соңғы жылдардағы ең жоғары нәтижені көрсетті. 2025 жылы әйелдер арасындағы толыққанды кәсіпқой лига ашылды. Бұл жарыста 14 команда бақ сынаған.