21-жастағы Денис Митрофанов "Ислочь" футболшысы атанды.
Команда шабуылшымен 2024 жылға дейін келісімшартқа отырды.
"Ислочь" командасы Денисті қазақша жолдаумен күтіп алыпты. Жолдауда: "Біздің командаға қош келдіңіз Денис!" - делінген.
Митрофанов семейлік "Алтайдың" түлегі. Бұл командамен ол екінші лигада өнер көрсеткен.
Жас футболшы өз мансабында "Қайрат", "Қайрат-Мәскеу" және "Қайрат-Жастар" ұжымдарының намысын қорғаған.
Өткен жылдың шілде айында Митрофанов Ресейден отанына келіп, "Атырау" сапын толықтырды.
Бұған дейін, бұл футболшы Қазақстан ұлттық құрамасының U-19 қатарына шақырту алған болатын.
Біздің серіктес: FONBET