21 жасқа дейінгілер жеңілдіктен қағылмақ

06.12.2010, 19:07
21 жасқа дейінгілер жеңілдіктен қағылмақ
logo_kaz1 Футболдан ел біріншілігінің аяқталуын кейбір футболшылар қуана, жақсы қабылдаса, кейбіреулерін әлдебір ойлар мазалап, бойларын жаңа маусымға деген сенімсіздік билеп жүргені рас. Шыны керек, Қазақстан футбол фе­дерациясының жас ойыншыларға мүм­кіндік беру саясаты аясындағы «әр клуб­тың сапында 21 жасқа дейінгі екі футболшы міндетті түрде алаңда ойнауы керек» деген ережесі көптеген клубтарды тығырыққа тіреп келді. Дегенмен жастарды құлақтарынан сүйрей берудің нәтиже бермесін түсінген ҚФФ бұл ережеге аздап өзгерту енгізуді жөн көрген секілді. Енді жаңа маусымнан бастап әр клуб ішкі біріншіліктегі ойын кезінде өз сапына 21 жасқа дейінгі үш футболшыны тіркеп, оның біреуі міндетті түрде алаңда ойнауы керек болады. Иә, бұл ереже бас бапкерлердің жұмысын аздап болса да жеңілдетері анық. Әйтпесе ашығын айту керек, талантты жас футболшыларды жер-көктен іздеп, әбден сабылып кеткен еді. Оның үстіне, өздерінің міндетті түрде алаңға шығатынын білетін жастар да кейінгі кездері арандарын аша бастағаны жасырын емес. Тағы бір мәселе, ҚФФ-ның бұл сая­саты, шыны керек, жемісін беріп жатқан жоқ. Мәселен, соңғы чемпионатқа көз салар болсақ, 2009 жылғы футбол мау­сымында «лимитчик» болып, масайрап жүрген 1988 жылғы жастардың тек 12-сі ғана биыл ел біріншілігінде өнер көрсетіпті. Онда да «ертістік» Павел Шабалин (29 ойын) мен «тараздық» Ерзат Кенбаевтен (28 ойын) басқалары негізгі құрамда ойнаған жоқ. Тіпті былтыр «лимитчик» кезінде «Жетісудың» негізгі шабуылшысы болған Ерзаттың өзі «Таразда» жиі қосалқы құрамда қалып қойып отырды. Ал Жамбыл Көкеев бас бапкерге жиі жақпай жүрді, Сабырхан Ыбыраев бірде бар, бірде жоқтың күйін кешті. Был­тыр Бернд Шторктың сүйікті ойыншысы болған Глеб Мальцев «Ертістің» дублінен бір-ақ шықты. Бексейіт Шоланбеков, Бекзат Бейсенов, Амангелді Жүсіпов, Ас­лан Киреев, Максим Семенов сынды ойын­шылардың тіпті бар-жоқтары да білінген жоқ. Ал «ақтөбелік» Юрий Логвиненко мен «Локомотивтегі» Вячеслав Эрбес бар уа­қытын жарақатын емдеумен өткізді. Осылардың ішінде қажеттілігін өз ойынымен дәлелдеген тек «Ақжайықтың» капитаны Айбек Губайдуллин болды десек, артық айтқандығымыз емес. Бұл әсіресе лимиттік жастан өткен 1989 жылғы футболшыларға қатысты. Бүгінгі тақырыбымызда осы футболшылардың келесі жылғы мүмкіндіктерін саралап көрсек деп едік. Иә, бұл жастарымыздың тағдырын 1989 жылы туған футболшылардың қай­таламасына ешкім кепілдік бере алмайды. Тіпті келесі жылы Тимур Досмағамбетов, Олжас Керімжанов, Виталий Головещкин, Алексей Макаров, Алексей Малышев, Дмитрий Богдан, Ілияс Әмірсейітов сынды жастарымыз команда таппай жүрсе де, еш таңғалмаспыз. Рас, Макаров, Малышев сынды жастарымыз биыл «Тобылда» нашар ойнаған жоқ. Мамандардың назарына жиі ілігіп, жоғары бағаларын алып та жүрді. Бірақ 21 жастан асқаннан кейін бұлар командасына керек бола ма? Ал өткен маусымның өзінде «лимиттік» жастарына қарамастан, қо­салқы құрамда жиі қалып қойып жүр­ген Тимур Досмағамбетов, Олжас Ке­рімжанов, Александр Шкот, Вячеслав Сер­дюков, Виталий Головещкин, Мәлік Жантілеуовтер келесі жылы қай­тер екен? Тіпті өткен маусымда өз клубтарының үздіктері саналған 1989 жылғы жастардың біразы қо­сал­қы құрамнан бір-ақ шықса, ғажап емес. Мәселен, «Ақтөбедегі» Аслан Да­рабаевқа, «Локомотивте» өнер көр­сеткен Марат Шахметов пен Марк Гурманға, «Тобылдағы» Санат Шә­ле­кеновке, «Жетісудағы» Серікжан Мұ­жықов пен Әсет Меңліқожаға, «Аты­раудағы» Тельман Зунунов пен Бақыт Абуовқа, «Ертістің» қақпашысы Никита Калмыковқа, сондай-ақ «Тараздағы» Ұлан Қонысбаев пен «Қайраттағы» Ілияс Әмірсейітовке сындарлы сәттердің тақап қалғаны шын. Бұл футболшылар үшін ең бастысы мұқалмай, жігерлерін шыңдай білу керек. Осынша уақыт сүйреп келіп, 21 жастан асқанда далада қалдырсақ, обалы кімге? Не де болса, әліптің артын бағып көрейік, қайсысының бағы жанар, қайсысы қосалқы құрамда қиналар, оны артынан көреміз. 16

Автор: Әзиз Жұмаділ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.375
Ничья
5.34
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.976
Ничья
3.91
П2
3.785
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.978
Ничья
3.875
П2
3.81
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.508
Ничья
4.89
П2
6.31
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.18
Ничья
3.605
П2
2.302
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.485
Ничья
3.875
П2
1.836
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.078
Ничья
15
П2
31
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.147
Ничья
9.45
П2
20
Aladop Youtube
×