21 жастағы қазақстандық шабуылшы Испанияның бесінші дивизионы командасына ауысты

13.08.2024, 18:55

Данил Анкудинов испандық “Менсахеро” клубымен 2025 жылдың жаз айына дейін келісімшартқа отырды. 

21 жастағы қазақстандық шабуылшы Испанияның бесінші дивизионы командасына ауысты

Кәсіби футболға келгелі тек шетелдік командаларда доп теуіп жүрген Данил “Менсахероға” еркін агент ретінде ауысты. Ол соңғы рет беларустың “Днепр” Могилев ұжымында ойнаған болатын. 

Шабуылшы Беларус чемпионатынан бөлек, Армения, Молдова, Литва және Ресей елдерінің біріншіліктерінде тәжірибе жинақтаған. 

Мансабындағы ең нәтижелі “Шериф” командасымен Данил Молдова біріншілігі мен Кубогын 2 реттен жеңген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×