22 жастағы шабуылшы алғаш рет Қазақстан құрамасына шақырту алды

15.03.2021, 02:51
Шабуылшы биыл бір гол соғып үлгерді.
22 жастағы шабуылшы алғаш рет Қазақстан құрамасына шақырту алды

«Қайрат» шабуылшысы Артур Шушеначев алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тараздың 22 жастағы тумасы осы маусымда алматылық клуб сапында үш матч өткізді. Және бір гол соғып үлгерді.

Өткен маусымда Шушеначев Премьер-лигада 14 матчқа қатысып, үш гол соқты. Сондай-ақ футболшы Еуро-2021 турнирінің іріктеу кезеңінде үнемі жастар құрамасында өнер көрсетті.

Қазақстан ұлттық құрамасы сәйкесінше, Нұр-Сұлтан қаласында Франция құрамасын қабылдайды және Украинаға қонаққа барады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×