Белгілі бапкер Асқар Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына көлемді сұқбат беріп, «Қайрат» - «Реал» арасындағы ойын туралы пікірімен бөлісті.
«Ұйымдастыру жағынан әрине минустар болады. Ол түсінікті жағдай, өйткені мұндай деңгейдегі ойындар күнде болып жатқан жоқ. Матчқа екі сағат бұрын турникеттер арқылы өту өте ыңғайсыздық тудырды. Адамдар бір-бірін итеріп, қысылысып, жалпы өте ситуацияны байқадық. Жұртшылық екі сағаттан да артық кезекте тұрды деп естіп жатырмыз. Ол енді «Қайраттың» ғана қателігі емес, «Орталық» алаңның әбден ескіргенін де ескеруіміз керек. Стадионның жанкүйерлерді кіргізіп-шығару секілді функциясында олқылық жеткілікті. Бірақ, былтыр «Челси» келгенде ондай ажиотаж болған жоқ. Ол да түсінікті, «Челсидің» екінші құрамы деді, бір жағынан ойын желтоқсанда өткен. Мүмкін кезінде Астанаға «МЮ», «Бенфика» мен «Галатасарай» келгенде осыған ұқсас жағдай болған шығар. Ондағы стадион жаңа, функциялары да едәуір көп Алматыдағы алаңға қарағанда. Ал меніңше кеше жанкүйерлердің мәдениеті ойдағыдай болды. Кім біледі, көпшілік сол «Реалдың» жұлдыздарын көру үшін де келген шығар. Алайда, «Реалдың» фан секторынан басқасы, сол 23 мың жанкүйердің барлығы ойынның басынан соңына дейін «Қайратты» қолдады», - деді А. Қожабергенов.
Енді «Қайрат» осы айдың ортасында кипрлік «Пафосты» қабылдайды.